Түркілер саммиті, кеншілер мен мұнайшылардың шағымы - AzatNEWS | 3.11.2023
Астанада Түркі мемлекеттері ұйымының 10-саммиті өтті. Ақордадағы жиынды журналистер тағы да бірнеше шақырым жерден бақылауға мәжбүр болды. Түркі мемлекеттері бұл ұйым арқылы қандай мақсат-мүддені көздейді? Сарапшылар пікірі. Қарағандыда Костенко шахтасындағы апат кезінде БАҚ өкілдеріне сұхбат берген құтқарушылар басшылықтан қысым көріп жатқанын айтады. Маңғыстау облысының Жетібай ауылында тұрғындар бір аптадан бері наразылық білдіріп жатыр. Олар мұнай-газ саласынан тұрақты жұмысқа орналастыруды талап етеді.