Accessibility links

NBC: АҚШ пен ЕО Украинамен бірге Ресеймен бейбіт келісімге келу мәселесін талқылады


АҚШ президенті Джо Байден және Украина басшысы Владимир Зеленский.
АҚШ президенті Джо Байден және Украина басшысы Владимир Зеленский.
АҚШ пен Еуроодақ өкілдері Украинамен Ресеймен бейбіт келіссөз жүргізу мәселесін талқылай бастады. Бұл жөнінде АҚШ-тың жоғары лауазымды тұлғалаларына сүйенген NBC News арнасы жазды.
Мәселенің кейбір "нәзік" тұстары қазан айында өткен Украина қорғанысы бойынша байланыс тобының кездесуінде талқыланған. Бұл топқа әлемнің 50-ден астам елі кіреді. Телеарнаға сұхбат берушілердің сөзінше, келісімге келу үшін Украинаға неден бас тартуына тура келетіні кездесуде қозғалған. Ал өз кезегінде НАТО Украинаға Ресейді жаңа басқыншылықтан тежейтін "қауіпсіздікке кепілдік" ұсынуға дайын.
Телеарна дереккөзінің айтуынша, мұндай талқылау АҚШ пен Еуропа елдері соғыс тығырыққа тіреліп, олар Украинаға әрі қарай да көмек бере алмайды деген қауіп зорайған шақта өтіп отыр. Дереккөздің тұжырымдауынша, АҚШ президенті әкімшілігінің өкілдері Украинаның күш-қуаты таусыла бастағанына, ал "күші сарқылмастай болып көрінген" Ресейдің қимылына алаңдап отыр.
NBC News-дің айтуынша, Байден әкімшілігі Ресей президенті Владимир Путин Украинамен келіссөзге ыңғай танытпағанын да байқап отыр. Батыс шенеуніктерінің пікірінше, Путин Батыс елдері Украинаға әскери көмекті доғаратын сәтті күтіп отыр.

Шенеуніктердің пікірінше, Украинаның жылдың соңына дейін уақыты бар, ал одан кейін "бейбіт келіссөз туралы шұғыл пікірталастар" басталмақ.

АҚШ өкілдері Украинаны келіссөзге итермелеп жатқанын ресми түрде жоққа шығарады.

"Біз өз еркіндігі мен тәуелсіздігін Ресей басқыншылығынан қорғап жатқан Украинаны қолдауға көңіл бөліп отырмыз" деді АҚЩ ұлттық қауіпсіздік кеңесінің баспасөз хатшысы Эдриен Уотсон.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG