Accessibility links

Нобель сыйлығының лауреаты Иран түрмесінде аштық жариялады


2023 жылы Нобель сыйлығының лауреаты атағы берілген Наргес Мохаммади
2023 жылы Нобель сыйлығының лауреаты атағы берілген Наргес Мохаммади

2023 жылы Нобель сыйлығының лауреаты атағы берілген, Иран түрмесінде қамауда отырған Нәргез Мохаммәди аштық жариялады. Мұны дүйсенбіде туыстары мен жақтастары хабарлады.

Мохаммәди Эвин түрмесіндегі тұтқындар жағдайы мен Иран билігінің әйелдерге хиджаб киюді міндеттейтін талаптарына наразылығын білдірген.

Бұған дейін Иран билігі құқық қорғаушыны түрмеен ауруханаға ауыстырудан бас тартқаны мәлім болған. Күйеуі Таги Рахманидің сөзінше, түрме қызметкерлері Мохаммәдидың денсаулығын тексеріп, ауруханаға жатқызу қажет деген түрме дәрігерінің ұйғарымына құлақ аспаған.

Иран әйелдеріне жасалған қысымға қарсы және адам құқығы мен бостандығы жолындағы күресі үшін Нәргез Мохаммәдиге 2023 жылы Нобельдің Бейбітшілік сыйлығы берілген.

Ол Иран әйелдеріне хиджаб киюді міндеттеуге және Иран әйелдерінің құқықтары мен бостандықтарын шектеуге көп жылдан бері қарсылық білдіріп келе жатыр.

Иран билігі оны 13 рет қамап, 5 рет соттаған. 154 дүре соғып, жалпы жиынтығы 31 жылға кескен.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG