Прокуратура 8 қарашада Жамбыл облысы Байзақ ауданы Сарыкемер ауылында балалардың жаппай улану фактісіне байланысты тергеу басталғанын хабарлады.
Биліктің айтуынша, 7 қарашада Сарыкемер ауылындағы Киікбаев атындағы мектеп-гиназияның 46 оқушысы мен 2 мұғалімінен улану белгілері анықталып, аудандық аурухананың инфекция бөліміне әкелінген. Дәрігерлер оларды тексергеннен кейін 33 оқушы мен 2 мұғалімді ауруханаға жатқызған.
Жергілікті полиция бөлімі аталған фактіні "Санитарлық ереже немесе гигиена нормативтерін бұзу" бабы (304-бап, 1-бөлік) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарының бірыңғай реестрінде тіркеген. Облыстық прокуратураның хабарлауынша, тиісті тергеу амалдары жүріп жатыр. Тергеу прокуратура бақылауында.