Accessibility links

ТАСС: Мәскеу прокуратурасы журналист Юрий Дудьқа қатысты тексеріс бастады


Юрий Дудь
Юрий Дудь

Мәскеу прокуратурасы "Ресей армиясының беделіне нұқсан келтіру" бабы бойынша қылмыстық іс аясында журналист Юрий Дудьқа қатысты тексеріс бастады. Бұл жөнінде құқық қорғау органдарындағы дереккөзге сүйенген ТАСС агенттігі хабарлады.

Дереккөздің айтуынша, тексеріске Дудьдтың әнші Вика Цыганова мен оның күйеуі Вадимнен алған сұхбаты түрткі болған. Сол сұхбатқа байланысты прокуратураға "бір белсендіден" арыз түскен.

Арыз берушінің аты-жөні белгісіз. Бұған дейін Дудьтың үстінен белсенді Виталий Бородин де шағымданған, деп жазды ТАСС.

Агенттік дереккөзінің айтуынша, тексеру жұмыстары кемінде желтоқсан басына дейін жалғасады. Прокуратура әзірге ресми түрде түсініктеме бермеді.

Юрий Дудь – ресейлік журналист, танымал видеоблогер, YouTube-те 10 млн-нан астам аудиториясы бар "вДудь" арнасының авторы. Дудь танымал тұлғалардан сұхбат алып, деректі фильмдер жасайды.

Былтыр ақпанда ол Ресейдің Украинаға басқыншылығын жария түрде айыптап, шетелге кеткен.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG