Accessibility links

Исландияда вулкан атқылау қаупіне байланысты төтенше жағдай режимі жарияланды


Исландияда вулкан атқылау қаупіне байланысты төтенше жағдай режимі жарияланды. Сейсмологтар алдағы күндері вулкан атқылауы мүмкін деп ескертеді.

Исландия астанасы Рейкьявиктен 40 шақырым жердегі Гриндавик қаласында бірнеше шақырымға созылған жарық пайда болған. Мамандар осы ауданда жақын арада лава атқылайды деп болжайды.

Ғалымдар Рейкьянес түбегінде тұратын 30 мың халықты энергиямен қамтамасыз ететін жергілікті геотермальды электростанцияның қауіпсіздігіне алаңдайды. Елдегі туристер көп баратын "Көгілдір лагуна" спа-курорты жабылып, ондағы адамдар эвакуацияланған.

Рейкьянес түбегі - Исландияның ең сейсмобелсенді аумағы. Бұған дейін 2022 жылы тамызда лава атқылап, жер сілкінісі болған.

Исландияда барлығы 33 белсенді вулкан жүйесі бар.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG