Accessibility links

Будапешт Украинаға 500 миллион доллардың көмегін беруді тағы тоқтатты


Венгрия сыртқы істер министрі Петер Сиярто
Венгрия сыртқы істер министрі Петер Сиярто

Венгрия Еуропаның бейбітшілік қорынан Украинаға берілетін көмектің кезекті траншын төлеуге қарсы болды. Венгрия сыртқы істер министрі Петер Сияртоның айтуынша, Украина Венгрияның OTP Bank пен басқа да компаниялары "соғысты қаржыландыратын халықаралық ұйымдар" тізіміне енбейді деп кепілдік бергенге дейін Будапешт Киевке көмек бөлуді тоқтататын болады.

Бұл туралы дүйсенбіде Азат Еуропа/Азаттық радиосының Брюссельдегі тілшісі Рикард Йозвяк хабарлады. Ол Х желісінде "бүгін Брюссельде Еуроодақтың 27 сыртқы істер министрі арасында Украина жөнінде тағы бір пікірталас өтті. Еуроодақтан Украинаға берілетін әскери көмектің сегізінші траншы (500 миллион доллар) тоқтатылды" деп жазды.

"ОТП тобы" (OTP Group) Орталық және Шығыс Еуропа елдерінің банк қауымдастығына кіреді. 2015-2019 жылдары Ресейде "ОТП тобының" басшылығымен интернет, ұялы телефон және басқа байланыс арналары арқылы қаржы қызметін ұсынатын бөлшек сауда банкі (онлайн) — Touch Bank жұмыс істеді.

Украинадағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу агенттігі венгриялық OTP Bank-ті "соғысты қаржыландыратын халықаралық ұйымдар" тізіміне енгізген. Агенттік қыркүйекте Венгрия билігімен келіссөз жүргізетінін айтып, статусты тоқтатты.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG