Accessibility links

Якутияның әскери комиссары апта сайын соғысқа 500 тұрғыннан жіберуді талап етті


Якутияның әскери комиссары Александр Авдонин.
Якутияның әскери комиссары Александр Авдонин.

Саха Республикасының (Якутия) әскери комиссары Александр Авдонин жыл соңына дейін әр ауданнан апта сайын 15 тұрғынды Украинадағы соғысқа жіберу қажет екенін мәлімдеді. Ол бұл жөнінде қыркүйектегі аймақ үкіметінің жабық отырысында айтты. Оның жазбасын "Свободная Якутия" қоры жариялады.

Авдонин "қыркүйекте Саха Қиыр Шығыстағы аймақтар арасынан соғысқа кететін еріктілер саны бойынша ең төмен көрсеткіш көрсеткенін" айтқан. Ол еріктілер жоспарының үштен бірі ғана орындалды деді.

Тапсырма бойынша, Алан ұлысында жыл соңына дейін 176 ерікті жұмысқа қабылдануы керек, әзірге 36 ерікті табылған. Якутскіде де соғысқа барғысы келетін еріктілер көп емес.

Авдонин азаматтарды соғысқа тарту шараларын күшейтуді талап етеді.

"Жұмыс істейміз, еңбектенеміз, адамдарды жіберетін боламыз. Өйткені ештеңе аяқталмады. Ол жақта қарымта шабуылдар тоқтады, майданда оңай болып кетті дейді, бірақ оңайлап кеткен ештеңе жоқ. Окопта жігіттер күн сайын өліп жатыр" деді Авдонин.

Өткен аптада Ресей президенті Владимир Путин Украинадағы соғыс туралы жазатын ресейлік блогерлер және ақпарат құралдарымен кездесу кезінде соғысқа қатысып жатқан жалдамалы әскери қызметкерлер мен еріктілер соғыс аяқталғанша үйлеріне қайтпайды деп мәлімдеді.

Саха Республикасында 334 муниципалды аудан мен екі қалалық округ бар.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG