Accessibility links

Қазақстан азаматтығы бар Properm.ru сайтының тілшісі Ресейден депортацияланды


Properm.ru сайтының тілшісі Владислав Иваненко
Properm.ru сайтының тілшісі Владислав Иваненко

Ресейдің Пермь қаласынан хабар тарататын Properm.ru сайтының тілшісі Владислав Иваненко ықтиярхатының күшін жою туралы шешім тоқтағанына қарамастан Қазақстанға депортацияланды.

Properm.ru сайтының мәліметінше, 13 қарашада шетел азаматтарын уақытша ұстау орталығына күштік орган қызметкерлері келіп, журналистке депортацияланатынын хабарлаған. Иваненко ол орталықта 9 қарашадан бері отырған.

Бұдан соң Иваненко әуежайға жеткізіліп, Қазақстанға депортацияланды, деп жазды басылым.

4 қарашада Пермь аудандық сотында Иваненконы ықтиярхаттан айыру ісі бойынша сот өтуге тиіс болған. Басылымның жазуынша, 10 қарашада судья журналисті ықтиярхаттан айыру туралы шешімді тоқтатып, сондай шешімге негіз болған материалдарды талап еткен.

Владислав Иваненко 9 қарашада ұсталған. Қазақстан азаматтығы бар журналист Ресейде 8 жылдан бері тұрып келеді. Ұсталмай тұрып журналист ықтиярхатының күші жойылғаны жөнінде хабарлама алған. Журналист бұрын-соңды әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған.

Пермь өлкесі бойынша бас басқармасы журналистің ықтиярхатын не үшін жарамсыз еткені белгісіз. Басылым хабарламада бұл тұсын нақтыламаған.

"Құқық қорғау органдарының әрекетін заңсыз деп санаймыз. Оқиғаға ресми түрде түсініктеме беруін талап етеміз. Журналистерімізді бұдан әрі қарай да сотта қорғай береміз" деді басылымның бас редакторы Денис Вихров.

XS
SM
MD
LG