Accessibility links

Қырғызстан қауіпсіздік комитетінің төрағасы Қамшыбек Тәшиевтің жеке күзеті күшейтілген


Садыр Жапаорв пен Қамшыбек Тәшиев
Садыр Жапаорв пен Қамшыбек Тәшиев

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Қырғызстан мемлекетттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Қамшыбек Тәшиевтің күзетін күшейткен. Бұл ақпаратты Азаттықтың қырғыз редакциясына Садыр Жапаровтың баспасөз қызметі растаған.

"Мемлекетттік ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының міндеттері ескеріле отырып, оның күзеті бұрын да күшейтілген болатын, қазір онан сайын күшейтіліп отыр", - дейді баспасөз қызметі.

Қырғызстанның кейбір БАҚ-тары мұны ұйымдасқан қылмыспен күреске байланысты кейінгі оқиғалармен байланыстырған.

Қырғызстан мемлекетттік ұлттық қауіпсіздік комитеті 4 қазанда Бішкекте ұйымдасқан қылмыстық топтың белгілі жетекшісі Қамшы Көлбаевты (Қамшыбек Асанбек) ұстау операциясын өткізгенде Көлбаев өлтірілген.

Қамшы Көлбаев өлтірілген соң Қырғызстанда қылмыстық топқа қатысы бар деген күдікпен ондаған адам ұсталып, кейбіріне іздеу жарияланған. Оның ішінде бірнеше ірі бизнесмендер де бар.

Қараша айының басында Қамшыбек Тәшиев Қырғызстан кеден қызметінің бұрынғы басшысы Райымбек Матраимовтың Қамшы Көлбаевпен байланысы бар екенін, мұнан кейін Қырғызстанда "Көлбаев-Матраимов мафиясы" болмайтынын мәлімдеген.

Қамшыбек Тәшиевті қазіргі қызметіне 2020 жылы қазан оқиғасынан соң билікке келген Садыр Жапаров тағайындаған. Тәшиевті қырғыздың кейбір депутаттары "билігін асыра пайдаланып, депутаттардың өздеріне ғана емес, туыстарына да қысым жасап отыр" деп те сынаған. Тәшиев қырғыз парламентінде келгенде балағат сөз қолданғанымен де көзге түскен.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG