АҚШ-тың бұрынғы президенті Джимми Картердің әйелі Розалин Картер 96 жасында Джорджия штатындағы үйінде қайтыс болған. Бұл хабарды Картер орталығы хабарлаған.
Розалин Картер күйеуінің жақын кеңесшісі ретінде есте қалды, ол үкімет отырыстарына да қатысты деп жазады Associated Press. Президенттік мерзімі аяқталған соң ерлі-зайыпты Картерлер гуманитарлық салада жұмыс істеген.
Джимми Картердің өзі қазір 99 жаста. АҚШ-тың бұрынғы президенттері ішінде ең көп өмір сүрген президент саналады.
Ол әйелін "ең жақын досым, өмірімдегі ең ықпалды адам" деп сипаттаған.
ПІКІРЛЕР