Accessibility links

Турфирманың жетекшісі "заңсыз қажылық ұйымдастырды" деген күдікке ілінді


Ішкі істер министрлігі ғимараты.
Ішкі істер министрлігі ғимараты.

Zam Zam Qazaqstan туристік компаниясының директоры Сауд Арабиясына заңсыз қажылық ұйымдастырды деген күдікке ілінді, деп хабарлады ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі. Ведомствоның хабарламасынан ҚазТАГ үзінді келтіреді.

"Ішкі істер министрлігінің тергеу басқармасы қажылықты ұйымдастыру саласындағы алаяқтыққа қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесі бойынша Zam Zam Qazaqstan туристік компаниясының басшысы Сауд Арабиясына қажылықты заңсыз ұйымдастырғаны әшкереленді. Сауд Арабиясы Корольдігінің мемлекеттік мекемесінің ресми сайтына ұқсас қажыларға берілген қажылық визасының заңдылығын растайтын сайт жасалғаны анықталды" деп жазылған хабарламада.

Сот күдіктіні қамауға рұқсат берген. ІІМ хабарламасында күдіктінің аты-жөні жазылмаған, зардап шеккендер саны да айтылмаған.

Zam Zam Qazaqstan компаниясының Инстаграм парақшасында "компания директоры Данияр Илиевтің тұтқындалуына байланысты компания қызметін тоқтатты" деп жазылған. Парақшада комментарийлерде компания директоры Данияр Илиевке қатысты айтылған жылы пікірлер бар.

Биыл жазда Қазақстаннан Меккеге үлкен қажылық өтейміз деп аттанған 120 адамға депортация қаупі төнген еді. Ақпаратқа қарағанда, оларды Сауд Арабиясына жіберген қазақстандық компания мүфтияттан ресми рұқсат, квота алмаған. Сол кезде туристік фирманың басшысы Данияр Илиев рұқсатты «бейресми» түрде алғанын айтқан, ал діни басқарма компания заң бұзып отыр деген.

"Қажылық визаны сол мүфтияттың адамдарынан ақшасын беріп алдық қой. Видеодәлелдеріміз бар, аудиодәлелдеріміз бар" деген еді Даниял Илиев сол кезде Азаттыққа.

Қажылық визасын алмай Меккеге барғандар кедергіге тап болды. Бұған кім кінәлі?
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:46 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG