Accessibility links

Ресей қорғаныс министрлігі түнде елдің орталық бөлігіне дрондар шабуылдағанын хабарлады


Жексенбіге қараған түні Ресейдің орталық бөлігінде 20-ға жуық дрон атып түсірілді, деп хабарлады Ресей қорғаныс министрлігі. Ведомствоның айтуынша, дрондар шабуылына Мәскеу, Тула, Калуга және Брянск облыстары ұшыраған.

Тулада дрон көп қабатты тұрғын үйге соғылып, балконын бүлдіріп, бірнеше терезені шаққан. Үш адам әйнек сынықтарынан зардап шеккен.

Мәскеу мэрі Сергей Собянин дрондар Мәскеуді нысанаға алғанын мәлімдеді. Мәскеудің Домодедово және Внуково әуежайлары біраз уақыт жұмысын тоқтатқан.

Шабуылды кім ұйымдастырғаны ресми хабарламада айтылмайды.

25 қарашаға қараған түні Ресей әскері Украинаға 70-тен астам дрон жіберген. Украина қарулы күштерінің хабарлауынша, шамамен 75 дронның 74-і атып түсірілген.

Дрондардың басым бөлігі Киев облысы мен Киев қаласын нысанаға алған. Сенбі күні Киевте таңғы сағат алтыда әуе дабылы іске қосылды. Киев әскери әкімшілігінің жетекшісі Сергей Попко астананың төбесінде 60-тан астам дрон атып түсірілгенін хабарлады. Ол түнгі шабуылды Ресей басқыншылығы басталғалы бергі ең ірі шабуыл деп атады.

Киевке шабуылдың салдарынан 5 адам зардап шеккен, арасында 11 жастағы бала бар, деп жазды Киев мэрі Виталий Кличко.

XS
SM
MD
LG