Accessibility links

АҚШ қаржы министрлігі Түркияны Ресей мен ХАМАС-қа санкция салуға көндіргісі келеді


Америка Құрама Штаттары қаржы министрінің барлау және терроризммен күрес мәселелері бойынша орынбасары Брайан Нельсон Ресей мен Палестинаның ХАМАС террор тобына санкция салуға Түркияны көндіру үшін Анкараға барады. Мұны Bloomberg агенттігі хабарлады.

Америка үкіметі бұған дейін санкция тізіміне палестиналық топқа қаржы қызметін көрсеткен және Ресей компанияларының санкцияны айналып өтуіне жәрдемдескен түрік компанияларын қосқан еді.

Агенттік жазуынша, Түркия БҰҰ енгізген санкциядан өзге, Ресейге қарсы санкциялардың бірде-бірін қолдаған емес. Түркия презиенті Реджеп Эрдоган жихадшыларды Палестина халқын азат ету жолындағы күрескерлер деп атаған, сондықтан Нельсонның түрік үкіметімен әңгімесі қалай жарасатыны белгісіз.

"Әйтсе де Анкара F-16 жойғыш ұшағын алу мақсатымен АҚШ президенті Джо Байденнің қолдауына ие болу үшін Вашингтонмен қатынасын жақсартқысы келеді. Батыс алаңдаушылығын ескеріп, Түркия да биыл жыл басында Еуропа одағы мен АҚШ санкциясына іліккен тауар транзитіне тыйым салған, бірақ бұл шешімі сол күйі жария түрде айтылмады" дейді Bloomberg.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG