Жексенбі күні Лондонда өткен антисемитизмге қарсы шеруге ондаған мың адам қатысқан.
Ұйымдастырушылар шеру кезінде Еуропа қалаларында, соның ішінде Лондонда жүрген палестиналықтарға да қолдау білдірген. Мұнан бұрын Израильдің Газадағы әскери операциясына қарсылық білдіріп, Лондонда 45 мыңға жуық адам митингіге шыққан еді.
Жексенбі күні шерулеткен Лондон тұрғындары "Британ еврейлерімен біргеміз" және "Антисемитизмге төзім болмасын" деген плакаттар ұстап шыққан. Оның ішінде ХАМАС тобы кепілге әкеткен Израиль азаматтары бейнеленген плакаттар да бар.
Ресми статистикаға қарағанда, исламға қарсы қылмыстар да үш есе көбейген.