Accessibility links

ЦАХАЛ: ХАМАС тағы да 17 кепілді босатты, 14-і — Израиль азаматы


ISRAEL-PALESTINIANS/GAZA-AID-RED CRESCENT
ISRAEL-PALESTINIANS/GAZA-AID-RED CRESCENT

Жексенбі, 26 қарашада Қызыл Крест ұйымына ХАМАС тобы өзі кепілге алған Израильдің 14 азаматы мен шетелдің үш азаматын берген. Бұл жөнінде Израиль әскері - ЦАХАЛ хабарлаған. Палестинаның ХАМАС тобын АҚШ пен Еуропа одағы террор топ деп таныған.

Reuters келтірген ХАМАС мәліметтеріне қарағанда, террор топ халықаралық Қызыл Крест комитетіне Израильдің 13, Тайландтың 3, Ресейдің 1 азаматын берген. Израиль БАҚ-тарының жазуынша, кепілден шыққандардың бірінің қос азаматтығы (Израиль және Ресей) бар деп хабарлайды Би-би-сидің орыс қызметі.

Кепілден бсағандардың тоғызы - бала. Оның ішінде 4 жастағы Абигайль Иданның ата-анасы қазан айында Израильге ХАМАС шабуыл жасағанда өлген. Жексенбі күні АҚШ президенті Джо Байден Газа секторындағы тыныштық режимі туралы келісім ұрата түсетініне үміттенетін білдірді.

Израильдің түрме қызметі Палестинаның 39 тұтқыны босатылғанын растады.

26 қарашада ХАМАС кепілінде отырғандар мен Израильде сотталған палестиналықтарды айырбастаудың үшінші сатысы өтті. Бұдан бұрынғы екі күнде 41 кепіл мен 78 палестиналық бостандыққа шыққан. Қызыл Крестке берілген тұтқындар арасында Израильдің 26, Тайландтың 14, Филиппиннің 1 азаматы бар.

Жексенбі күні ХАМАС Қызыл Крестке ең әуелі Ресей азаматын берген. Мұны ХАМАС өкіліне сілтеп, ТАСС агенттігі хабарлаған. ХАМАС өкілі "Ресей президенті Владимир Путиннің күш салғанына жауап әрі Мәскеудің ұстанымын мойындау белгісі ретінде" босатқанын айтқан.

Ресей сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова өзінің телеграм-арнасына "Ресей паспорты бар кепіл ХАМАС-пен тікелей келіссөз арқасында босатылды" деп жазған. Оның сөзінше, бұл жұмыс жалғаса береді. 20 қазанда Ресейдің Израильдегі елшісі Анатолий Викторов кепілге алынғандар ішінде Ресейдің кемі екі азаматы бар екенін, одан да көп болуы мүмкін екенін айтқан.
Израиль мен ХАМАС Катар мен Египеттің ара ағайындығымен атысты төрт күнге тоқтата тұруға уағдаласқан. Үзіліс кезінде ХАМАС 7 қазанда Израильге шабуыл кезінде кепілге алған 50 адамды босатуға келіскен. Ал Израиль оған жауап ретінде тұтқындағы 150 палестиналықты босатуға уәде берген. Келісім 24 қараша таңертеңнен бастап күшіне енген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG