Accessibility links

Астана қаласының 2035 жылға дейінгі бас жоспары талқыға шығарылды


Master plan of Astana until 2035
Master plan of Astana until 2035

Қазақстаның жергілікті ақпарат құралдары Астананың 2035 жылға дейінгі бас жоспары жарияланғанын хабарлады. Құжат "Открытые НПА" порталында 24 қарашада жарияланған.

Астананың бас жоспары бойынша, 2025 жылға қарай Астана халқының саны 1 миллион 480 мыңға, 2035 жылға қарай 2 миллион 275 мыңға жетуге тиіс.

Бас жоспарда 2021-2035 жылдар аралығында тұрғын үй құрылысының көлемін 43 580,8 мың шаршы метрге жеткізу көзделген. 2035 жылға дейін 164 жаңа мектеп салынады.

Бас жоспар 8 желтоқсанға дейін талқыланады.

Биыл тамызда Астана қалалық қоғамдық кеңесі бас жоспарды талқылағанда "халық орталыққа ағыла бермес үшін ауылдарды, шағын және орта қалаларды дамыту керек" деген еді. Осыған байланысты Астанаға жаңа тұрғындарды тіркеу шектелуі мүмкін деген болжамдар көбейген. Кейіннен сол кездегі еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Астана көшуге тыйым салынбайтынын мәлімдеген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG