Қызылша жұқтырған отыз бала жан сақтау бөлімінде жатыр
Қазақстанда жыл басынан бері 17 мыңнан астам адам қызылша жұқтырған. Денсаулық сақтау министрлігі вирус «вакцина салдырмағандықтан тарап жатыр» дейді. Ресми дерек бойынша, ауырып жатқандардың сексен пайызы — балалар. Отыз бала жан сақтау бөлімінде жатыр.