Accessibility links

Өзбекстанда балалардың жаппай улануына байланысты үш дәрігер қамауға алынды


Antistrumin
Antistrumin

Өзбекстанда құрамында йод бар "Антиструмин" дәрісін ішкеннен кейін балалардың жаппай улануына байланысты үш дәрігер қамауға алынды. Бұл туралы Өзбекстан Жоғарғы сотының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Үш дәрігерге "ірі көлемде ақша жымқыру, қызмет бабын асыра пайдалану" баптары бойынша іс қозғалған.

Таяуда Өзбекстан дәрігерлері қауымдастығы президент Шавкат Мирзиявке хат жазып, оларға жеңіл жаза беруін сұраған.

Ал бас прокуратура "мұндай мәлімдемелер тергеудің ашық жүруіне кедергі келтіреді" деп мәлімдеді.

21 қыркүйекте Наманган облысының Чуст ауданында "Антиструмин" дәрісін ішкен 71 бала улану белгілерімен ауруханаға жеткізілген.

Денсаулық сақтау министрлігі дәрінің құрамындағы йодқа уланғанын екі айдан кейін ғана ресми мойындаған.

Кейінгі кезде Өзбекстанда балалардың дәрілерден улануы жиілеген. Былтыр қыста 65 баланың өлімі шетелден импортталған тұмауға қарсы сироппен байланыстырылған. Қазір бір кездері дәріханаларда рецептісіз сатылған Doc-1 Max сиропы бойынша сот процесі жүріп жатыр. Өзбекстан шенеуніктері дәріні сараптамадан өткізбегені үшін Үндістан азаматы, Quramax Medical компаниясының өкілінен 33 мың доллар пара алды деп айыпталып отыр. Reuters агенттігінің дерегінше, шенеуніктермен бірге тергеуге алынған Үндістан азаматы Рагвенда Пратар сотқа берілген ақшаны "алғыс белгісі" деп түсінгенін айтқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG