Accessibility links

ҰҚМК "Құмтөр" алтын кенішіне байланысты 20-ға жуық лауазымды тұлға жауапқа тартылғанын айтты


Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитетінің (ҰҚМК) төрағасы Қамшыбек Ташиев Құмтөр ісіне байланысты 20-ға жуық мемлекеттік лауазымды қызметкер жауапқа тартылғанын мәлімдеді.
"Құмтөр мәселесі бойынша біз екі президентті, төрт премьер-министрді, екі спикерді, оннан астам мемлекеттік қызметкерді, жалпы 20-ға жуық шенеунікті жауапқа тарттық. Осының негізінде "Құмтөрді" мемлекетке қайтарып алдық" деп мәлімдеді Қамшыбек Ташиев.
Ташиев жауапқа тартылғандар арасында бұрынғы премьер-министр Өмірбек Бабанов болғанын, бірақ оның қылмыстық ісі дәлелденбегендіктен, жалғыз ақталып шыққан адам болғанын жеткізді.
Бұдан бөлек Өмірбек Бабанов жақында мемлекетке көмек ретінде 1 млрд сом бергенін айтты.
Жогорку кеңештің баспасөз қызметі таратқан мәліметке қарағанда, Аманбаев ауыл әкімдігінің жаңа ғимаратын Өмірбек Бабанов салып берген. Ол құрылысқа 1 млн АКШ долларынан астам қаражат жұмсаған.
2021 жылы мамырда Қамшыбек Ташиев "Құмтөрді" игеруге байланысты төрт қылмыстық іс тергеліп жатқанын, осы іс аясында депутаттар мен әртүрлі деңгейдегі шенеуніктерден жауап алынып жатқанын айтқан. "Құмтөр" ісі бойынша Қырғызстанның бұрынғы президенттері Асқар Ақаев, Алмазбек Атамбаев, Құрманбек Бакиевке айыптар тағылған.
Қырғызстанда 2011-2012 жылдары премьер-министр болған Өмірбек Бабанов "Құмтөр" ісі бойынша жемқорлық күдігіне ілінген. 2021 жылы мамырда ұсталды, алайда шілдеде сот шетелде емделуіне рұқсат беріп, қамаудан қамаудан босатқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG