Accessibility links

Өзбекстан Ресейден 1 млн тонна мұнайды Қазақстан арқылы алдырады


«ҚазТрансОйл» 2024 жылы Ресейдің Өзбекстанға тасымалдайтын мұнайын үш есе арттырып, 500 мың тоннаға дейін жеткізуді көздейді. Бұл туралы Interfax агенттігі компаниядағы тасымалдау департаментінің директоры Абай Бейсембаевтың мәліметіне сүйене отырып хабарлады.

«Sanoat Energetika Guruhi (Өзбекстан) компаниясы «ҚазТрансОйлға» 2024 жылы Ресейден Өзбекстанға 500 мың тонна мұнай жеткізуге тапсырыс берді. Тасымалданатын мұнай көлемі 1 млн тоннаға дейін жетуі мүмкін» дейді Бейсембаев.

2023 жылы Ресейдің "ҚазТрансОйл" мұнай құбырлары арқылы Өзбекстанға жеткізетін мұнайының көлемі 154 мың тонна болады.

Биыл қаңтар-қазан айларында "ҚазТрансОйл" Ресейден Өзбекстанға 104 мың тонна мұнай жеткізген.

Ресей мұнайын "ҚазТрансОйл" құбырлары арқылы Өзбекстанға айдау ісі 2017 жылы басталған. Сол жылы тасымалданған мұнай - 67,9 мың тонна, ал 2018 жылы 36 мың тонна болған. 2019- 2022 жылдар аралығында Ресейден Қазақстан арқылы Өзбекстанға мұнай тасымалданған жоқ.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG