Accessibility links

Журналист-зерттеушілер соғыста қаза болған 38 мыңнан астам ресейлік әскери қызметкердің аты-жөнін анықтады


Ресейдің Украинаға басқыншылығы жалғасып жатқан тұста журналистер-зерттеушілер соғыста қаза болған кемінде 38 261 ресейлік әскери қызметкердің аты-жөнін анықтады. BBC-дің Орыс қызметі мен "Медиазона" және еріктілер соғыс басталғалы бері ашық дереккөздер негізінде ұрыста қаза болған ресейліктердің тізімін жүргізіп келеді.

Зерттеушілердің айтуынша, кейінгі екі аптада яғни, 17 қараша мен 1 желтоқсан аралығында тізімге тағы 1200 адамның аты-жөні қосылған. Журналистердің сөзінше, шынайы көрсеткіш бұдан әлдеқайда көп болуы ықтимал, себебі олар түсіп жатқан ақпараттарды өңдеп үлгермей жатыр. Қаза болғандардың санының артуын олар шайқастың қызуымен байланыстырады. Олардың айтуынша, қараша басынан бері "Донецк маңындағы Авдеевка ауданында өлді" деп көрсетілген некрологтар көбейген. Херсон облысында да қаза болғандар жайлы ақпарат жиілеген. Мұнда Днепр аралы мен Крынка ауылында шайқастар жүріп жатыр.

BBC-дің Орыс қызметі мен "Медиазона" Ресей Украинаға басып кіргелі бері қаза болғандарға есеп жүргізіп келеді. Олар тек ашық дереккөздерге ғана сүйеніп жатыр: ресми құжаттар, шенеуніктер ақпараты, БАҚ материалдары, марқұмдардың жақындарының жазғандары, зираттағы деректер. Журналистер бұл мәлімет толық емес екенін ескертеді. Тізімге аты-жөні мен көмілген орны анықталған азаматтар ғана енген.

  • Ресей мен Украина соғыста қанша адамынан айырылғанын жасырады. Ресей қорғаныс министрлігі соңғы рет былтыр 21 қыркүйекте 5937 адамның опат болғанын айтқан. Биыл көктемде интернетте жарияланып кеткен Америка барлау қызметінің дерегінше, Украина әскері соғыста 15,5–17,5 мың адамынан айырылған. 109–113 мың адам жараланған.
XS
SM
MD
LG