Accessibility links

Ақтөбеде "қызметтесін атып өлтірді" деген күдікпен шекарашы қамауға алынды


Бейтарап сурет.
Бейтарап сурет.

Ақтөбеде "қызметтесін атып өлтірді" деген күдікпен шекарашы ұсталды. Оқиға өткен сенбі, 2 желтоқсанда Ақтөбе облысы мен Ресейдің Орынбор облысының шекарасындағы Қиялы заставасында болған.

Ақтөбе гарнизонының әскери прокуроры Ролан Жанысбаевтың сөзінше, келісім-шартпен қызмет етіп жүрген шекарашы қызметтесімен жанжалдасып қалып, өзіне бекітілген қарумен атқан. Шекарашының кеудесі мен оң бетіне бес оқ тиген. Жаралы шекарашы Мәртөк аудандық ауруханасына барар жолда жедел жәрдем көлігінде жан тапсырған. Атқан шекарашы да, өлген шекарашы да 21 жаста. Әскерге келісім шартпен қызметке барғандарына жыл толмаған Ақтөбе облысының тумалары.

Әскери прокуратураның мәліметінше, бір шекарашы күдікті ретінде ұсталған. Батыс өңірлік әскери тергеу басқармасының Ақтөбе бөлімі шекарашының үстінен Қылмыстық кодексіндегі "Адам өлтіру" бабы бойынша іс қозғаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG