Accessibility links

Мобилизацияланғандардың әйелдері Путинге жаппай смс-хабарлама жіберіп жатыр


Мобилизациямен майданға кеткендердің туыстары жүргізген флешмоб.
Мобилизациямен майданға кеткендердің туыстары жүргізген флешмоб.

Ресейде мобилизациямен майданға жіберілгендердің әйелдері президент Владимир Путинмен 14 желтоқсанға жоспарланған тікелей байланыстың нөмеріне жаппай смс-хабарлама жіберіп жатыр.

Әйелдер Путиннен жақындары қашан майданнан оралатынын сұрап, майдандағы жағдайдың нашарлығына, әскерилердің жалақысы мен демалысы дұрыс берілмей жатқанына шағымданған. Бұған қоса, наразы әйелдер мобилизациямен соғысқа жіберілгендерді алмастыруды да талап етеді. Бұған "7х7" телеграм-каналы назар аударған.

Ресейде бұған дейін мобилизациямен соғысқа аттанғандардың туыстары манифест жазып, петицияға қол жинап, автомобиль флешмобын бастаған. Елде көлігіне "Vерните мужа! Я Zа#балась" деген жазу жапсырған тұрғынды полицияға шақыртқан. Билік мобилизацияға қатысты қандай да бір бейбіт митингілерге рұқсат бермей келеді.

  • Путин 2022 жылы қыркүйекте Украинадағы соғыста әскери күш жетпей жатқан тұста мобилизация жариялаған. Ол бір айдан соң мобилизация аяқталғанын айтқанымен, бұйрыққа қол қоймаған. Кейін депутаттардың сұрауына Ресей президенті әкімшілігі мобилизация әлі жалғасып жатқанын айтқан.
  • Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу мобилизация басталғалы 300 мың адам әскерге алынғанын айтқан.
  • 14 желтоқсанда Путиннің тікелей байланысынан соң, 17 желтоқсанда "Единая Россия" партиясы съезі өтпек. Партия жиынында Путинді президенттіке ұсынуы мүмкін.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG