Accessibility links

Астана Ресейдің "Жігітше сөз. Асфальттағы қан" дейтін сериалына тыйым салу мәселесін "зерттеп" жатыр


Фильмнен көрініс
Фильмнен көрініс

5 желтоқсанда Астанада Қазақстанның жоғары білім және ғылым министрі Саясат Нұрбек "Ресейдің "Жігітше сөз. Асфальттағы қан" деп аталатын сериалын Қазақстанда көрсетуге тыйым салына ма?" деген журналистердің сұрағына жауап берді.

"Бұл мәселені біздің министрлік ақпарат министрлігімен бірге зерттеп жатыр. Қажет болса, бәлкім бір шешім қабылданатын шығар, бірақ әзірге айта қаларлықтай нәрсе көріп тұрған жоқпыз" деді ол.

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев та әріптесінің сөзін қайталады.

"Әрине, зорлық-зомбылықты дәріптемеу керек. Бұл мәселе зерттеліп жатыр" деді Бейсембаев.

1970-1980 жылдардағы Қазан қаласында болған қылмыстық топтар туралы "Жігітше сөз" сериалына байланысты "зорлық-зомбылық пен қарақшылықты дәріптейтін фильм" деген айыптаулар естілген. Сериал авторлары мұндай бағамен келіспей, "фильмде қылмыстың жазасыз қалмайтыны көрсетілген" деп санайды.

Татарстанның балалар омбудсмені Ирина Волынец Ресейдің бақылау комитетіне шағымданып, фильмді тексеруді сұраған. Татарстан басшысы Рустам Минниханов сериал биліктің саясатына сай келмейді деп мәлімдеген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG