Accessibility links

Өзбекстан билігі қарғыс айтқандарға әкімшілік жаза енгізілгенін терістеді


Өзбекстан әділет министрлігі.
Өзбекстан әділет министрлігі.

Өзбекстанда әлеуметтік желілерде қарғыс айтқандар әкімшілік жазаға тартылатыны, атап айтқанда, Әкімшілік кодекстің "Қорлау" бабы бойынша жазаланатыны жайлы хабар тарады. Бұл бап бойынша 7 млн сум (шамамен 570 доллар) немесе 15 күнге дейін әкімшілік қамау жазасы қарастырылған. Кейбір хабарламаларда жобаларды талқылауға арналған нормативтік-құқықтық актілер порталына сілтеме бар, алайда ол сілтемелер ашылмайды.

Көп кешікпей әділет министрлігінің баспасөз қызметі ақпарат шындыққа жанаспайтынын – ондай құжат regulation.gov.uz порталында жарияланбағанын айтты. Қоғам талқылауына шығарылған жобаларға автоматты түрде идентификациялық нөмір беріліп, онысы сілтемеде көрінеді.

"Әлеуметтік желідегі арна иелерінен халық арасында жалған және біржақты, тексерілмеген ақпарат тарату арқылы азаматтарымыздың арасында түсініспеушілік туғызбауды сұраймыз" деп жазылған әділет министрлігінің хабарламасында.

XS
SM
MD
LG