Accessibility links

Алматының тағы бір ауданында ақылы тұрақтар қайта істей бастайды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Алматының Алмалы ауданында дүйсенбі, 11 желтоқсаннан бастап тұрақтар қайта ақылы бола бастайды. Бұл жөнінде Алматы қалалық әкімдігі 10 желтоқсанда хабарлады.

Әкімдіктің хабарлауынша, ауданда көлік қоятын 27 аймақ, 6504 орын бар. Тұрақтар таңертеңгі 8-ден бастап кешкі 7-ге дейін істейді. Көлікті қою қызметінің құны сағатына 100 теңге.

Алматыда ақылы тұрақтар бірнеше жыл бұрын пайда болған. Тұрақ бойынша қызмет көрсететін компаниялар экс-президенттің бұрынғы құдасы, кәсіпкер Қайрат Боранбаевқа ("ірі көлемде бөтеннің мүлкін иемденді", "қылмыстық жолмен алынған ақшаны жымқырды" деп айыпталып, алты жылға сотталған ол күзде түрмеден босап шықты) тиесілі болған. Былтыр Алматыдағы жол бойында тұрған ақылы тұрақтардың операторы "Алматы спецтехпаркинг сервис" компаниясының жетекшілері қамалғаны хабарланған. Боранбаевтың өзі қамалғаннан кейін ақылы көлік тұрақтарын басқаратын компания әкімдікке берілгені айтылды.

Биыл қыркүйекте ақылы тұрақтар Медеу ауданында да қайта ашылған. Сол кезде әкімдік ақылы тұрақтар қазан айында Алмалы ауданында да қайта пайда болатынын, одан кейін біртіндеп өзге аудандарда да ашылатынын айтқан.

Алматыда ақылы тұрақтың ақшасы кімге түседі?
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:57 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG