Accessibility links

Қазан қаласында сөз бостандығын талап еткен пикетте наразылар Алсу Құрмашеваға қолдау білдірді


Сөз бостандығына арналған пикет. Қазан қаласы, 10 желтоқсан 2023 жыл.
Сөз бостандығына арналған пикет. Қазан қаласы, 10 желтоқсан 2023 жыл.

10 желтоқсанда Қазан қаласында сөз бостандығын талап еткен пикет өтіп, оған қатысушылар журналистерді қудалауға да қарсы шықты. Наразылар қазан ортасынан бері тергеу изоляторында отырған Азаттықтың Татар-Башқұрт қызметінің тілшісі Алсу Құрмашеваны қолдады. Билік оны Ресейде "шетел агенті" деп танылған ақпарат құралымен әріптестік орнатқанын хабарламады деп айыптаған.

Қазан белсенділерінің қолында журналистерге қысымды доғаруды талап еткен плакаттар болды. Плакаттарда кәсіби қызметін атқару кезінде қаза болған немесе сол үшін қудаланған журналистердің аты-жөндері жазылып тұрды. "7х7. Горизонтальная Россия" басылымының жазуынша, полиция қызметкерлері наразылардан "митинг тақырыбына сәйкес емес" деп Алсу Құрмашеваның аты-жөні бар плакатты жиюды талап еткен. Бұдан соң полиция плакатта аты-жөні жазылған тірі журналистердің атын да алып тастауды немесе бояуды ұсынған.

Күштік құрылым өкілдері пикет тек қаза болған журналистерге арналуы керек деп санайды. Ал наразылар журналистерді заңмен қорғауға шақырды.

Азаттықтың Татар-Башқұрт қызметінің тілшісі Алсу Құрмашева биыл 19 қазанда Қазанда ұсталған. Билік оны Ресейде "шетел агенті" деп танылған ақпарат құралымен әріптестік орнатқанын хабарламады, екінші азаматтығы барын айтпады деп айыптаған. Сот Құрмашеваны қамауға рұқсат берген. Екінші азаматтығы жөнінде хабарламағаны үшін оған 10 мың рубль көлемінде айыппұл (108 доллар) салынды. Оны қамау мерзімі 2024 жылдың 4 ақпанына дейін ұзартылды.

XS
SM
MD
LG