Accessibility links

Ресей әскері баллистикалық зымырандармен және дрондармен Киевке шабуыл жасады


KYIV 11.12.2023
KYIV 11.12.2023

Желтоқсанның 11-іне қараған түні Ресей әскері баллистикалық зымырандармен және камикадзе-дрондармен Киевке шабуыл жасады. Мұны Украина әуе қорғанысы хабарлады. Сегіз зымыран да атып түсірілген.

Зымыран Ресейдің Брянск облысы тұсынан атылған.

Украина әскері аннексияланған Қырымнан атылған 18 дронды да құлатқанын мәлімдеді.

Ресей зымырандарының сынықтары Киевтің оңтүстігіне құлаған. Төрт адам зардап шеккен. Біреуіне жарықшақ тиіп, аяғынан жараланған деп хабарлады қала әкімі Виталий Кличко.

Зымыран сынықтары құлаған жерде өрт шығып, жылдам өшірілген.

Ресей әскері Украинаны күн сайын атқылап отыр.

Британияның әскери сарапшылары Ресей Украинаның энергетикалық инфрақұрылымын талқандауға бағытталған жаңа кампанияға кірісті деп болжайды.

Ресей қорғаныс министрлігі тек әскери нысаналар ғана атқыланды деп есептейді. Бейбіт адамдардың өліп, тұрғын үйлер мен азаматтық инфрақұрылымның қирағаны жайлы Ресей айтқысы келмейді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG