Accessibility links

Вашингтон Украинаға 50 миллиард доллар көмек беру мәселесін талқылап жатыр


Джон Кирби
Джон Кирби

АҚШ ұлттық қауіпсіздік кеңесінің стратегиялық коммуникациялар бойынша үйлестірушісі Джон Кирби президент Джо Байден Украинаға қосымша көмек беру мәселесіне байланысты конгрессті әлі де көндіруге тырысып жатқанын мәлімдеді. Оның сөзінше, Вашингтон айдың соңына дейін Киевке қосымша әскери көмек беретінін хабарлап қалуы мүмкін дейді Reuters.

Сейсенбіде АҚШ президенті Ақ үйде Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездеседі.

Ақ үй өкілі Эндрю Бейтс Байден мен әкімшіліктің жоғары лауазымды қызметкерлері Украинаға 50 миллиард доллар қосымша көмек беру мәселесіне байланысты заң шығарушы органмен тығыз байланыста отыр деп мәлімдеді.

Киевке берілетін кезекті көмек өкілдер палатасының спикері Майк Джонсон мен өзге де республикашылдардың АҚШ пен Мексика арасындағы шекараны нығайтуға көбірек ақша бөлу жөніндегі талабынан соң кідіріп қалған.

Жексенбіде әкімшіліктің жоғары лауазымды қызметкері Ақ үй өкілдер палатасындағы республикашылдардың жетекшілерімен сөйлесіп, ортақ келісім іздестіріп жатқанын хабарлаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG