Accessibility links

Теміртауда құбырлар қатып, кейбір аудан тұрғындары сусыз қалды


Теміртау қаласы.
Теміртау қаласы.

Теміртау қаласында су құбыры қатып, бірқатар аудан тұрғындары сусыз қалған. Бұл жөнінде "Вечерняя Караганда" басылымы жазды. Жергілікті әкімдік тұрғындарға су төмендетілген гидравликамен берілетінін хабарлады.

Басылымның 12 желтоқсан түнде жазуынша, қалада су құбыры қатып, елді мекеннің шығыс бөлігі ауыз сусыз қалған. Сусыз қалған нысандар арасында тұрғын үйлермен қатар мектептер мен қалалық ауруханалар да бар. Жұмысшылар бригадасы су құбырларын жылытуға көшкен. Тұрғындар дүкендерде сатып алатын су қалмағанын айтып, су тапшылығына шағымданды.

"70-ші кварталда ішетін су жоқ. Екі күн болды" деп жазды Әли Өтеубаев есімді қолданушы Инстаграмда.

Теміртау қалалық әкімдігі 13 желтоқсанда таңертең тұрғындарға төмен қысыммен су беріліп жатқанын хабарлады.

"Диаметрі-300 миллиметр магистральдық су құбыры қатып қалуына байланысты қаланың шығыс бөлігіндегі алты квартал тұрғындарының үйлеріне су төмендетілген гидравликамен беріледі. Проблемалық учаске анықталды (шамамен 20 метр) сол жерде 8 бригада, 10 бірлік техника жұмыс істеп жатыр. Мәселені қала әкімі бақылауда ұстап отыр" деп жазылған хабарламада.

Аязды күндері Қазақстанның бірқатар облыстарында су құбырлары қатып, тұрғындар сусыз қалған. Демалыс күндері Атырауда су қондырғылары қатып қалып,халық әбігерге түскен.

Атырауда су тоқтап, халық әбігерге түсті
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:06 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG