Accessibility links

Ақтөбеде партаға кеңірдегімен соғылған 12 жасар оқушы көз жұмды


Мектептегі парталар.
Мектептегі парталар.

Ақтөбеде мектеп партасына кеңірдегімен соғылған 12 жасар оқушы мерт болды. Оқиға 14 желтоқсан күні сабақ арасындағы үзіліс кезінде №27 мектепте болған.

Ақтөбе қалалық білім бөлімінің хабарлауынша, сынып бөлмесіндегі партаға тамақпен жығылып түскен Роман Новиков бірден есінен танып қалған. Мұғалімдер дереу жедел жәрдем шақырып, оқушы ауруханаға жеткізілген.

Мектеп директоры Дәуір Төлемісов оқушының аяғы шалынып кетіп, ортаңғы қатардағы бірінші партаға соғылғанын айтады. Оқиға сағат 10.30 шамасында болған. Төлемісовтің сөзінше, полиция куәлерден жауап алып, мектеп дәлізіндегі камералар жазбасын да әкеткен.

Жедел жәрдем ауруханасының дәрігерлері жетінші сынып оқушысының клиникалық өлім жағдайында жеткізілгенін айтады. Дәрігерлер баланың өмірі үшін жарты сағат бойы күрескен. Алайда реанимациялық іс-шара нәтиже бермей, оқушы сағат 11:25-те қайтыс болған.

Ақтөбе полициясы бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексіндегі «Абайсызда жас баланың өліміне әкеп соққан, балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау» (ҚР ҚК 141-бабының 2-бөлігі) бабымен сотқа дейінге тергеп-тексеруді бастады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG