Accessibility links

Жапония Өзбекстандағы екі компанияға санкция салды


АҚШ пен ЕО-дан кейін Жапония да Өзбекстандағы екі компанияға санкция салды.

Жапония экономика министрлігі бес елде жұмыс істейтін 80-нен астам компанияға қарсы санкция қабылдады.

Министрлік мәліметінше, санкция тізіміне Ресейден 57, Беларусьтан 27, Біріккен Араб Әмірліктерінен екі, Өзбекстаннан екі, Сириядан бір компания енді.

Жапония енгізген шектеуге Өзбекстаннан Alfa Beta Creative пен GFK Logistic Asia компаниялары ілікті. Бұның алдында оларға АҚШ пен Еуроодақ санкция салған.

Еурокомиссия сайтында жарияланған баяндамада бұл компаниялар Ресейдің қорғаныс өнеркәсібі үшін Батыстан тауар сатып алуға талпынғаны жазылған.

Alfa Beta Creative оргтехника және өзге де жабдықтарды сатумен, GFK Logistic Asia тасымалдаумен айналысады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG