Accessibility links

Путинді президенттікке ұсынды. Оның "командасында" — әншілер, спортшылар, пропагандистер бар


Ресей президенті Владимир Путин
Ресей президенті Владимир Путин

Құрамында шаман (Ярослав Дронов), режиссёр Никита Михалков және әнші Надежда Бабкина бар сайлаушылардың бастама тобы өзін ұсынушы ретінде Владимир Путиннің кандидатурасын қолдады.

"Путиннің командасында" жоғарыда атап өтілгендерден бөлек, федерация кеңесі төрағасының бірінші орынбасары Андрей Турчак, Мәскеу басып алған Донецкідегі ресейлік аймақтық парламентінің төрағасы Артем Жога, "Справедливая Россия — За правду" партиясының төрағасы Сергей Миронов, Бірінші арна тележүргізушісі Руслан Осташко, сонымен бірге әншілер Полина Гагарина және Лариса Долина, мәнерлеп сырғанаушы Татьяна Навка, дирижёр Валерий Гергиев, актёр Владимир Машков, боксёр Джефф Монсон және өзгелер бар.

Орталық халық майданының мүшесі Сергей Когогиннің сөзінше, жиынға 700 адам қатысқан. Жиын хаттамасы орталық сайлау комиссиясына жіберіледі, онда аталған бастама топты тіркеу туралы шешім қабылданады. Одан кейін бастама топтың Путинді қолдау үшін қол жинауына мүмкіндігі болады.

  • 2020 жылы қабылданған Конституцияға өзгертулер Путинге бесінші және алтыншы мерзімге де сайлануға мүмкіндік береді. Оның алтыншы мерзімі 2036 жылы аяқталуға тиіс. Бұл тұрғыдан алғанда басқару ұзақтығы жағынан ол совет диктаторы Иосиф Сталиннен де асып түседі.
  • Сайлауға қатысатынын Геннадий Зюганов, мемлекеттік думаның бұрынғы депутаты Борис Надеждин, Донецкідегі ресейшіл сеператист Игорь Стрелков (Гиркин), журналист Екатерина Дунцова мәлімдеген. "Новые люди" партиясының баспасөз қызметі сайлауға кандидат ұсынатынын хабарлаған.
  • Ресей орталық сайлау комиссиясы президент сайлауын үш күн – 2024 жылдың 15-17 наурыз аралығында өткізу туралы шешім қабылдаған.
XS
SM
MD
LG