Accessibility links

Мирзияев Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстанға қатынайтын автобус рейстерін екі есе көбейтуді тапсырған


Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев көлік министрлігіне көршілес Қазақстан, Қырғызстан мен Тәжікстанға қатынайтын автобус рейстерін екі есе көбейтуді тапсырған. Мирзияевтің баспасөз қызметінің хабарын Азатық радиосының Өзбек редакциясы таратты.

Мирзияев мұны Өзбекстан автотранспорты мен автобус паркін жаңарту туралы мәселе көтергенде айтқан.

Өзбекстан автобустары негізінен Қазақстанның Шымкент қаласына келеді. 2018 жылы сәуір айында "Өзбекавтотранс" компаниясы 12 сәуірден бастап Ташкент пен Алматы арасында халықаралық жолаушылар автобусы қатынай бастағанын мәлімдеген.

Компания екі елдің кеден және шекара қызметтері Ташкент - Алматы - Ташкент бағытында жүретін автобустар мен жолаушыларды шекарадан жеңілдетілген тәртіпте өткізу мәселелерін шешіп қойды деген болатын. Аталған бағыттағы автобустар бірнеше рейстен кейін түрлі себептермен тоқтап қалған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG