Accessibility links

Украина күштері Ресей жіберген 34 дронды атып түсіргенін хабарлады


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Украина әуе күштері 21 желтоқсанға қараған түні Ресей әскері Украинаға 35 дрон жібергенін хабарлады.

Украинаның мәліметінше, дрондар лек-легімен болып келген, 34-і атып түсірілген. Украинаның 12 облысында әуе қорғаныс жүйесі іске қосылған.

Полтава облысында дрон бөлшектері тұрғын үйге құлады, деп мәлімдеді аймақ әкімшілігінің жетекшісі Филипп Пронин. Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ. Үй иелеріне қаржылай көмек берілетіні хабарланды.

Ресей шабуылға түсініктеме берген жоқ.

Бұл Ресейден Украина қалаларына жасалған алғашқы дрон шабуылы емес. Украинаның әуе күштері жуырда 20 желтоқсанға қараған түні Ресей әскері Украинаға 19 дрон жіберіп, 18-і жойылғанын хабарлаған. Дрондар Мәскеу аннексиялап алған Қырымнан ұшырылған. Дрондар Винницк, Днепропетровск, Киев, Кировоград, Одесса, Херсон, Хмельницкий, Чернигов облыстарында жойылған.

XS
SM
MD
LG