Германия үкіметі Украинаға жаңа әскери көмек берді. Жаңа пакетте өзге жабдықтардан бөлек, Gepard үш зениттік қондырғысы, Vector барлау дронының 10 данасы, Leopard 2A6 танктеріне арналған оқ-дәрі бар. Бұл жөнінде Германия үкіметінің сайты хабарлады.
Берлин сонымен бірге Киевке:
- 2 ауыр техника (HX81);
- 5 жартылай тіркеме (HX81);
- 8 жүк көлігі (Zetros);
- 2 минаны тазалатын WiSENT 1 MC машинасы;
- 2 шекара күзетіне арналған машина ;
- 8 көлік;
- 2 тікұшақ байланысын қорғайтын AMPS жүйесі;
- 2500 снаряд (155 мм калибрлі);
- 25 536 снаряд (40-мм гранотометке арналған) береді.
Берлин мұның алдында 14 желтоқсанда Украинаға әскери көмек берген.
Германия Украинаға әскери көмек көлемі жағынан АҚШ-тан кейін екінші орында тұрған мемлекет. Германия үкіметінің мәліметінше, Ресей Украинаға басып кіргелі бері Берлин Киевке шамамен 24 млрд еуро көмек көрсеткен. Ол тікелей төлем және қару-жарақ ретінде берілген.