Accessibility links

Ресей әскері түнде Херсонды атқылады. Төрт бейбіт тұрғын қаза болды


Жексенбіге қараған түні Ресей әскері Херсон орталығын атқылады. Херсон облыстық әскери әкімшілігінің жетекшісі Александр Прокудиннің хабарлауынша, ракета қиратқан үйде ерлі-зайыпты зейнеткерлер тұрған. Көрші ауданда үйінді астынан тағы екі мәйіт табылған, оларды анықтау жұмыстары жүріп жатыр. 9 адам зардап шеккен, арасында бір бала бар. Түнде Херсонға жалпы 71 снаряд жіберілген.

Украинаның әуе күштері 24 желтоқсанға қараған түні Украинаның Николаев, Хмельницкий, Запорожье, Днепропетровск және Кироград облыстары дрон шабуылына ұшырағанын хабарлады. 15 дронның 14-і атып түсірілген. Шабуыл Ресейдің Краснодар өлкесінен жасалған.

Жуырда Херсон тағы да атқылауға ұшыраған. Ақпаратқа қарағанда, маңызды инфрақұрылым нысаны бүлінген. Нысанда өрт басталып, газ құбыры өртенгені айтылды. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Ресей әскері Украинаны күн сайын атқылап жатыр. Ресей қорғаныс министрлігі тек әскери нысандарға соққы жасағанын айтады. Бейбіт азаматтардың қаза болғаны мен азаматтық инфрақұрылымдардың қирағаны жайлы ақпаратқа ведомство түсініктеме бермейді.

XS
SM
MD
LG