Accessibility links

Алматыда пәтерлеріне жылу беруді талап етіп, жолды жапқан тұрғындар жауапқа тартылған


Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

Алматыда пәтерлеріне жылу беруді талап етіп, жолды жапқан қала тұрғындары әкімшілік жауапқа тартылған. Мұны polisia.kz хабарлады.

"Төрт азаматқа қатысты "полицияның заңды талабына бағынбағаны үшін" (Әкімшілік кодекстің 667-бабы) хаттама толтырылды. Акцияға қатысқан басқа тоғыз адам "көлік қозғалысына кедергі жасағаны үшін" (614-бап) әкімшілік жауапқа тартылды" дейді ІІМ әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев.

Сенбі күні Алматыда "Корпорация Арт Медиа" компаниясы салған River Park кешенінің ондаған тұрғыны пәтерлерінде жылу жоқтығына наразылық білдірген. Бұл жөнінде "Алматыны қорғайық" қозғалысының белсендісі Салтанат Тәшімова сенбі күнгі тікелей эфир кезінде хабарлады деп жазды "Власть" сайты.

Тұрғындар бұған дейін қала құрылысын басқару басқармасына үндеу жасаған, басқарма құрылыс компаниясын сотқа берген. Олар тікелей эфир кезінде құрылыс компаниясын ақауларды түзеуге міндеттеген сот шешімін де көрсеткен.

"Власть" сайтының жазуынша, наразыларға прокуратура өкілдері мен полиция келген. Тұрғындар Алматы әкімі Ерболат Досаев келсін деген талап қойған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG