Accessibility links

Украина қарулы күштерінің бас штабы Ресейдің тағы бір жойғыш ұшағын құлатқанын мәлімдеді


Украина қарулы күштерінің бас штабы 25 желтоқсандағы таңғы ақпаратында Ресейдің Су-34 және Су-30 маркалы екі жойғыш ұшағы құлатылғанын мәлімдеді.

Украина әскері Донецк облысында Су-34 бомбалаушы-жойғыш ұшағы жойылғанын жексенбіде хабарлаған. Украина әуе күштерінің генерал-лейтенанты Николай Олещук "Су-30" бойынша да жұмыс жүріп жатқанын айтқан. Ал соңғы ақпаратқа қарағанда Су-30 да Қара теңіз акваториясында атып түсірілген.

22 желтоқсанда Олещук оңтүстік бағытта Ресейдің үш әскери ұшағы атып түсірілгенін хабарлаған. Бұл ақпаратты Ресейдің билікшіл пабликтері растаған болатын.

Дүйсенбіге қараған түні Ресей әскері Украинаға дронмен шабуылдаған. Украина әуе күштерінің қолбасшылығы Одесса, Херсон, Николаевск, Донецк, Кировоградск және Хмельницкий облыстарына жіберілген 31 дронның 28-ін және Х-59 зымыранын атып түсіргенін мәлімдеген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG