Accessibility links

Шойгу Донецк облысындағы Марьинка қаласын басып алдық дейді. Украина бұл ақпаратты растамады


Марьинка қаласындағы қираған ғимарат.
Марьинка қаласындағы қираған ғимарат.

Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу Ресей президенті Владимир Путинге Донецк облысындағы Марьинка қаласына бақылау орнаттық деп есеп берді.

Путин мұны жетістік деп, көзге түскен әскерилерді марапаттауды ұсынды. Марьинка қаласы үшін шайқас он жылға созылды.

Ресей әскерінің бұл қаланы алғаны туралы алғашқы хабар 24 желтоқсан кешкісін ресейлік әскери тілшілердің телеграм-арналарында шыққан. "Операция Z" телеграм-каналы Ресей әскері Марьинка маңындағы Новомихайловка ауылының маңында да ауыр шайқас жүргізіп жатқанын айтқан. Егер Ресей Новомихайловканы алса, Угледарға жол ашылуы мүмкін.

Украина қарулы күштерінің бас штабы Марьинканың Ресейдің бақылауына өткені жайлы хабарламады. Украина әскері 25 желтоқсандағы есебінде Марьинка мен Новомихайловка маңында қорғанысты ұстап тұрғанын айтқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG