Accessibility links

Дүниежүзілік банк Украинаның мемлекеттік шығыстарына қаржы бөлді


Дүниежүзілік банктің мемлекеттік шығыстарды қолдауға арналған бағдарламасы бойынша Украина 1,34 миллиард доллар алды. "Бұл қаржы мемлекеттің әкімшілік әлеуетін нығайтуға бағытталады" деп хабарлады дүйсенбі күні Украина қаржы министрі.

Мәлімдемеде Дүниежүзілік банк 1,086 миллиард доллар, Норвегия 190 миллион доллар, АҚШ 50 миллион, Швейцария 20 миллион доллар ұсынғаны айтылған. Мұны "Америка дауысы" хабарлады.

Украина қаржы министрлігінің хабарына қарағанда, аталған қаржы Украинаның қауіпсіздік пен қорғанысқа қатысы жоқ мемлекеттік бюджет шығыстарын жабуға жұмсалады.

Украина қаржы министрі Сергей Марченко халықаралық көмек "соғыс кезінде Украинаның қаржы-экономикалық тұрақтылығын қолдауға қосылған елеулі үлес болды" деп мәлімдеді

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG