Accessibility links

Қазақстан парламенті ҰҚШҰ жарғысына түзетуді мақұлдады


Парламент ғимараты.
Парламент ғимараты.

28 желтоқсанда Қазақстан парламентінің жоғарғы палатасы пленарлық отырыста Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚШҰ) жарғысына өзгеріс енгізу туралы заң жобасын мақұлдады. Түзету ұйымның жарғысына ҰҚШҰ-ға мүше елдердің биологиялық қауіпсіздік саласында бірігіп қимылдауы туралы пунктер енгізуді қарастырады.

Бұған қоса, ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің шешімімен сыртқы істер министрлер кеңесінің ұсынысымен бас хатшының өкілетін мерзімінен бұрын тоқтатуға мүмкіндік беретін түзету енгізіледі.

Сенаттың салалық комитетінің қорытындысында бұл заң жобасы "ҰҚШҰ елдерінің бірігіп әрекет етуін жақсартып, ұйымның хатшылығының кадрлық мәселелерін жедел шешуге" жол ашады деп жазылған.

2021 жылы қыркүйекте Ресей Қауіпсіздік кеңесі ҰҚШҰ-да биоқауіпсіздік мәселелері бойынша үйлестіру кеңесі құрылатынын мәлімдеген. Мұндай шешім ҰҚШҰ-ға мүше елдердің қауіпсіздік кеңесі хатшыларының Тәжікстанда өткен кездесуі кезінде қабылданған.

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына Ресей, Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан және Армения мүше. Штаб-пәтері Мәскеуде шоғырланған. 2022 жылы желтоқсанда Санкт-Петербургте (Ресей) биоқауіпсіздік мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің алғашқы отырысы өткен. Кеңестің төрайымы ресейлік саясаткер Анна Попова болып сайланды. Ол ресейлік Роспотребнадзорды басқарады.

XS
SM
MD
LG