Accessibility links

Жапониядағы жер сілкінісінен кемі 48 адам қаза тапты


Жапониядағы жер сілкінісінен қираған ғимарат. 1 қаңтар 2024 жыл.
Жапониядағы жер сілкінісінен қираған ғимарат. 1 қаңтар 2024 жыл.

Жапониядағы жер сілкінісінен қазірге дейін 48 адам қаза тапты. Опат болғандардың бәрі зілзаланың эпицентрі болған Исикава префектурасында. Бұл туралы Жапониядағы сайттар хабарлады.

1 қаңтарда Жапонияның орталығындағы жағалауларда магнитудасы 7,6 жер сілкінісі болған. Жапон шкаласы бойынша зілзала 7 балл деп бағаланған.

Жер дүмпуі Хонсю аралы мен Токиода да сезілген.

Қазір Исикава префектурасында мыңға жуық құтқарушы қираған үйлердің астында қалған адамдарды іздестіріп жатыр. Апаттан соң үйінді астында көптеген адам қалғаны хабарланған. Ел билігі қазір барынша тез қимылдап, үйінді астында қалғандарды құтқаруға тырысып жатыр.

Жер сілкінісінен соң мыңдаған адам үйлерін тастап, қауіпсіз жаққа қашқан. Ел билігі халыққа жер сілкінісі тағы қайталануы мүмкін деп ескертті.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG