Шымкент қаласының әкімдігі Қаңтар оқиғасында қаза тапқандарға арнап, ас бермейді. Ас беру туралы өтінішті шенеуніктерге өлгендердің туыстары айтқан.
Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар ісі жөніндегі басқармасының жетекшісі Бақтияр Өнербаев Қаңтар оқиғасында қаза болғандарға арнап ас беруге әкімдіктің мүмкіндігі жоқ деп жауап берген.
Қаңтар құрбандарының туыстары 5-6 қаңтарда алаңға келіп, марқұмдарға құран бағыштайтынын әкімдікке ескерткен.
Алматыда да Қаңтарда қаза тапқандардың туыстары жергілікті биліктен марқұмдарға арнап ас беруді талап еткен. Әкімдік мұндай іс-шараға бюджеттен қаржы бөлінбегенін алға тартқан.
ПІКІРЛЕР