Accessibility links

Ресей қорғаныс министрлігі Қырым аумағында 36 дронды атып түсіргенін хабарлады


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Ресей қорғаныс министрлігі жұма күні аннексияланған Қырым аумағында Ресей әскері 36 украин дронын атып түсіргенін хабарлады.

Тағы бір дрон Краснодар өлкесі аумағында жойылған. Зардап шеккендер мен бүлінген нысандар туралы ақпарат жоқ.

Новороссийскідегі диспетчерлік қызмет өкілі РИА «Новости» агенттігіне қала тұрғындары жарылыс дыбысын естігенін айтқан. Алайда ол жөнінде толымды ақпарат жоқ.

  • Мәскеу аннексиялаған Қырымда 4 қаңтарда күндіз жергілікті халықтың айтуынша, бірнеше ауданда жарылыс болған. Ресей билігі әуе қорғаныс жүйесі іске қосылғанын хабарлады.
  • Ресей тағайындаған Севастополь губернаторы Михаил Развожаев әлеуметтік желіде "әскери қызметкерлер түрлі әуе нысандарын жою жұмыстарын жүргізіп жатыр" деп жазды. Губернатордың айтуынша, дрон бөлшектері тұрғын үйге құлап, бір адам зардап шеккен. Өзге аудандарға да дрон бөлшектері құлаған.
  • Ресей қорғаныс министрлігі Қырым түбегінде украин әскері жіберген он ракета атып түсірілгенін хабарлады.
XS
SM
MD
LG