Accessibility links

Жапонияда зілзаладан қаза болғандар 120 адамнан асты


Исикава префектурасы, Жапония, 5 қаңтар 2024 жыл.
Исикава префектурасы, Жапония, 5 қаңтар 2024 жыл.

1 қаңтарда Жапонияның Исикава префектурасында қуатты жер сілкінісінен қаза болғандар 126 адамға жетті, деп хабарлады NHK телеарнасы.

Кейінгі мәлімет бойынша, 500-ден астам адам жарақаттанған. 200-ден астам адам із-түзсіз жоғалған. Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Алайда құтқарушылар адамдарды тірі күйінде табу мүмкіндігі уақыт өткен сайын азайып бара жатқанын айтады.

Құтқару қызметінің жұмысын қар мен төмен температура қиындатып жатыр. Ното түбегінде жерасты дүмпулері әлі тоқтамаған. Соңғы рет 6 қаңтарда магнитудасы 5,3 жер сілкінісі тіркелді.

Жапонияның ядролық реттеу басқармасы атом электр станцияларында оның ішінде, Охи және Такахамадағы станцияларда Kansai Electric Power компаниясының бес реакторында ақау болмағанын хабарлады.

2011 жылы наурызда Жапонияның солтүстік-шығысында жер қатты сілкініп, цунами көтерілген. Көптеген қала бүлініп, 20 мың адам қаза тапқан. Фукусимадағы атом станциясында ядролық апат болған.

XS
SM
MD
LG