Accessibility links

Израиль әскері Газа секторының солтүстігіне толық бақылау орнатқанын мәлімдеді


Израиль әскері (ЦАХАЛ) Газа секторының солтүстігіне толық бақылау орнатқанын және ХАМАС-тың солтүстік бригадасы мен дивизиясы таратылғанын хабарлады.

Израиль әскерінің өкілі Даниэль Хагаридің сөзінше, қарулы топтың құрылымын бұзуға бес міндет кіреді, олар: командирлерін "жою", "террор топтармен" күрес, барлау мәліметтерін жинау, қару-жарақтарын және жер астындағы тоннельдерін жою. "Бұл мақсаттың бәріне жеттік" деді Хагари.

Хагаридің сөзінше, енді Израиль әскері Газаның орталығы мен оңтүстігіндегі ұрыс қимылдарына жұмылдырылады.

ХАМАС-қа қарсы ЦАХАЛ-дың арнаулы операциясы былтыр 7 қарашада қарулы топтардың Израильге жасаған шабуылынан кейін басталған. Бұл шабуылдан 1200-ден астам адам өліп, бес мыңнан астам адам жараланған. Жиһадшылар Израильдің 240-тан астам азаматын кепілге әкеткен.

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Израиль әскери опеарцияны ХАМАС-ты толық жойғанша тоқтатпайтынын бірнеше рет мәлімдеген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG