Accessibility links

Украина қарулы күштері: Ресей әскері 40 ракета және дрондармен шабуылдады


13 қаңтарға қараған түні Ресей әскері Украинаны 40 ракета және дрондармен шабуылдады. 8 ракета атып түсірілген, 20-дан астам ракета мен дрон "көздеген нысанаға жеткен жоқ" деп хабарлады Украинаның әуе күштері.

Ведомствоның айтуынша, Ресей армиясы үш "Шахед" дронын, жеті С-300/С-400 зениттік ракетасын, 12 қанатты зымаран (Х-101/Х-555/Х-55), төрт авиациялық Х-59 ракетасын пайдаланған.

Украина қарулы күштері жеті қанатты зымыран (Х-101/х-555/Х-55 ) және авиациялық Х-59 басқармалы ракетасын атып түсіргенін мәлімдеді.

Зардап шеккендер мен қираған нысандар жөнінде ақпарат жоқ.

Сенбі күні Днепропетровск облысы әкімшілігінің жетекшісі Сергей Лысак та атқылау болғанын хабарлады.

"Днепрге әуеден соққы жасалды. Қанша зардап келгенін анықтап жатырмыз" деп жазды Лысак телеграм-арнасында. Ол ешкім зардап шекпегенін айтты.

Харьков облысында Волчанск және Золочев елді мекендері атқыланған. Соның салдарынан екі жеке үй бүлінген, ешкім зардап шекпеген.

Жұма күні кешке Херсон облысындағы Берислав та атқыланған. Көп қабатты үйлердің үйіндісі астында қалған 71 жастағы әйел құтқарылды, деп жазды облыс әкімшілігінің жетекшісі Александр Прокудин.

Чернигов облысында таңертеңгі соққыдан бірқатар нысандар қираған, ешкім зардап шекпеді, деп хабарлады облыс әкімшілігігінің жетекшісі Вячеслав Чаус. Ол нақты қай елді мекендер атқыланғанын айтпады.

XS
SM
MD
LG