Accessibility links

Қырғызстанда әскери тікұшақ құлап, бір адам қаза болды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Бішкекте "Достық" ықшамауданының маңындағы "Фрунзе-1" әуе базасында Ми-8 әскери ұшағы құлап, экипаждың бір мүшесі қаза болды. Бұл жөнінде Қырғызстан қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ақпаратқа қарағанда, тікұшақ бортында 11 адам болған. Жарақат алғандардың бесеуі реанимацияға жатқызылған, бірінің жағдайы өте ауыр деп айтылады. Қалған төрт адамның жағдайы орташа.

Қырғызстан қорғаныс министрлігі апатқа байланысты қызметтік тексеріс басталғанын хабарлады.

Мұның алдында министрлік оқиға оқу-жаттығу кезінде болғанын, тікұшақ апатты жағдайда қонуға мәжбүр болғанын айтқан.

"Қорғаныс министрлігі және әуе қорғаныс күштерінің жауапты тұлғалары оқиғаның жай-жапсарын анықтап жатыр. Тергеу қорытындысы қосымша хабарланады" деп хабарлады ведомство.

XS
SM
MD
LG